Солтүстік Қазақстан облысының ветеринариялық станциялары мен мал шаруашылығы қызметкерлерін курстық даярлау

31.03.2023

2023 жылғы 17 ақпан мен 28 наурыз аралығында "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі" КМҚК жанындағы даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығында Солтүстік Қазақстан облысының ветеринариялық станциялары мен мал шаруашылығы қызметкерлерін 3W08410101 "Жануарларды ветеринариялық өңдеу жөніндегі оператор" біліктілігімен 08410100 "Ветеринария" мамандығы бойынша курстық даярлау жүргізілді. Курс тыңдаушыларының саны 31 адамды құрады. Сабақтар «SOVA» білім беру платформасын пайдалана отырып, қашықтықтан өткізілді. 08410100 "Ветеринария" мамандығы бойынша оқу жұмыс жоспары аясында 3W08410101 "Жануарларды ветеринариялық өңдеу жөніндегі оператор" біліктілігі бойынша оқу мерзімі 1 айға жоспарланды. Арнайы пәндер оқытушылары Еремин Сергей Николаевич, Садуов Теміржан Әшірбекұлы, Жанайдаров Олжас Қазбекұлының жетекшілігімен курс тыңдаушыларына келесі: "Ауыл шаруашылығы жануарларының анатомиясы мен физиологиясын", "Рецептурасы бар фармакология", "Ішкі жұқпалы емес аурулар", "Паразитология және инвазиялық аурулар", "Клиникалық диагностика", "Микробиологиямен эпизоотология", "Ветеринариялық хирургия" пәндері бойынша дәрістер мен тың мәліметтер берді. Курстық дайындық қорытындысы бойынша 2023 жылғы 28 наурызда "Ауыл шаруашылығы жануарларының анатомиясы және физиологиясы", "Клиникалық диагностика", "Микробиологиямен эпизоотология" пәндері бойынша біліктілік емтиханы өткізілді, онда курс тыңдаушылары жақсы білім нәтижелерін көрсетті. Курстық дайындық белсенді және жемісті өтті, олардың нәтижелері бойынша куәліктер табысталды және 3W08410101 "Жануарларды ветеринарлық өңдеу операторы"біліктілігі берілді.

Директордың кәсіби оқыту жөніндегі орынбасары А. П. Ждаморев



Текст
Виртуальная приемная